Жүні қатты фокстерьер

Мінезінің ерекшеліктері
Бұл кішкентай сергек ит көпшіл және топтың бір бөлігі болғанды ұнатады. Белсенді және ойнақы фокстерьер әдетте балалармен жақсы тіл табысады. Бұл ретте басқа терьерлер сияқты өзімен-өзі жүруі мүмкін, сондықтан аздап шыдамдылық танытуыңыз керек. Бұл жер қазғанды және қуалағанды жақсы көретін әдеттегі терьер. Сондай-ақ ол қатты дауыстап үре алады, бірақ табиғи қырағылықпен үйлесімде дәл осы қасиеті фокстерьерді керемет күзетші итке айналдырады.

Жүні қатты фокстерьер
Жүні қатты фокстерьер

Сыртқы түрі

Фокстерьерлер Ұлыбританияда 19-шы ғасырда пайда болды. Олардың көбі шамамен 39 см (15,5 дюйм) дейін өседі және салмағы шамамен 8 кг (18 фунт) құрайды. Дұрыс күтім жасағанда фокстерьер шамамен 13-14 жыл өмір сүре алады.

Жануарға күтім жасау

Фокстерьерлер жүнін қылшақпен тазалағанды жақсы көреді. Олар қызу қанды әрі жігерлі болғаны соншалықты, оларға көп серуендеу, заттарды қармап ойнау және басқа белсенді іс-шаралар қажет. Ол болса фокстерьерлерге өмірлік күшін сақтау үшін көп дәмді азық жеу керектігін білдіреді.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)