Той-терьер
Мінезінің ерекшеліктері
Бұл сүйкімді ойыншықтай иттер, еш күмәнсіз, өміріңізге көп қуаныш алып келеді: олар ойнақы және адамға үйір, басқа жануарлармен тез-ақ тіл табысады. Той-терьерлердің жанжалсыз мінезі, кішкентай балаларды қоса алғанда, бәрімен дерлік дос болуға мүмкіндік береді. Той-терьер шектеулі кеңістікте өзін жақсы сезінеді, көнгіш, ақылды және ұқыпты.
Сыртқы түрі
Кіп-кішкентай декоративті тұқым Ресейге жақында енгізілген, бастапқыда орыс той-терьері деп аталған. Ересек иттің бойы 26 см дейін өседі және салмағы 2,5 кг дейін жетеді. Махаббат пен қамқорлыққа бөленген той-терьер 15 жылға дейін өмір сүре алады.
Жануарға күтім жасау
Тегіс жүнді той-терьерлерді аптасына бір рет, ал жүні ұзын иттерді күнделікті тарап тұру қажет. Той-терьер – бөлме иті, далада ол өмір сүре алмайды. Осы тұқымның иттері төмен температураға шыдамайды, сондықтан жылдың суық мезгілінде оларды серуенге «киіндіріп» шығару қажет.