Такса
Мінезінің ерекшеліктері
Бағу үшін таксаны таңдасаңыз, онда ешқашан ішіңіз пыспайтын болады. Табиғатынан өте белсенді әрі қызыққұмар такса сізге адал дос болады. Иттің бұл тұқымы үлкен отбасыға мінсіз жарайды – такса дербес жүретін, алғыр ақылы бар, сүйкімді, иесіне адал және мейірімді ит.
Сыртқы түрі
Кішкентай аңшылардың бойы орташа 35 см дейін өседі де, әдетте салмағы 9 кг дейін жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 16 жыл.
Жануарға күтім жасау
Таксаңыздың жүні қатты немесе ұзын болса, онда арнайы қылшақты пайдаланыңыз. Таксаңыз тегіс жүнді болса, оны түкті орамалмен сүртуді ұмытпаңыз. Бұл иттер өте белсенді, сондықтан оларға күнделікті серуендер, сондай-ақ, өз қалпын сақтауға көмектесетін көптеген қоректік заттар өте қажет.