Мальталық болонка

Мінезінің ерекшеліктері
Мальтезе – көңілді және белсенді экстраверттер. Олар берік достықты күтеді, сондықтан оларды ұзақ жалғыз қалдырсаңыз, өкпелеп қалады. Осы тұқымның жануарларына, тіпті шағын кеңістікте жүгіріп жүрс де, күтпеген көңілділік пен ойнақылық тән, соның арқасында олар пәтердің мінсіз тұрғынына айналады. Олар өте ақылды және жаңа ойындарға әрдайым дайын.

Мальталық болонка
Мальталық болонка

Сыртқы түрі

Көптеген мальталықтар бойы 25 см дейін, салмағы шамамен 2-3 кг болады. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 14 жыл.

Жануарға күтім жасау

Жануардың ұзын жүнін қалдырғыңыз келсе, оған ерінбей күтім жасау қажет: шүйкеленіп қалмау үшін күнделікті тарап, таңқаларлық аппақ түсін сақтау үшін үнемі жуындырып тұру қажет. Мальтезе тез қызып немесе салқындап қалуы мүмкін, сондықтан ыстық не суық күндері олардың үйде қалуын қадағалаңыз. Егер олар пәтерде жүріп дене жаттығуларын жеткілікті түрде жасайтын болса, онда далаға шығармаса да болады. Ең бастысы, табағында дәмді ит азығының болғанын ұмытпаңыз!

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)