Лабрадор-ретривер
Мінезінің ерекшеліктері
Бұл жануарлар бірден бүкіл отбасының сүйіктісіне айналады. Лабрадордың мейірімді және елгезек қасиеті оны ең танымал ит тұқымына айналдырды. Жануарлар терапиялық көмек көрсетеді, жетектеушілер болып жұмыс істейді, адамдарды іздеп табуға, құтқаруға көмектеседі. Батыл, ақылды және атлетикалық дене бітімі бар лабрадорлар – адал достар ғана емес, таптырмайтын көмекшілер де.
Сыртқы түрі
Иттің бұл керемет тұқымы Ньюфаундленд аралында пайда болып, ең басында «Әулие Джон иті» деп аталған. Ересек иттер бойы 55-57 см дейін, ал салмағы 26-40 кг жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 12 жыл.
Жануарға күтім жасау
Лабрадор-ретривердің су өткізбейтін жүн қабаты бар, ең болмағанда аптасына бір рет қылшақпен тарау қажет. Лабрадор үшін бақыт – үнемі қозғалыста болу, дәмді азық және далада ойнау. Мұндай ит қала сыртындағы үйде жақсы өмір сүреді; пәтерде ұстаған кезде лабрадорға ұзақ күнделікті серуендер мен белсенді ойындар қажет болады.