Қытайлық айдарлы ит
Мінезінің ерекшеліктері
Бұл кішкентай епті иттер өте ойнақы, жылы шырайлы және өздерінің ең сенімді жақын досы – адамға өте мейірімді. Осы тұқым өкілдері балалармен жақсы тіл табысады. Олар тыныш болуға бейім, сондықтан тыныш өмір сүретіндер үшін керемет келеді.
Сыртқы түрі
Қытайлық айдарлы итті танымау мүмкін емес – ерекше жүні басқа иттер арасынан оны айрықша етіп көрсетеді. Ересек қытайлық айдарлы иттер бойы 28-33 см жетеді (11-13 дюйм). Осы тұқымның салмағы әр қалай болуы мүмкін, негізінен ол 5,5 кг (12 фунт) аз болуы тиіс. Көптеген қытайлық айдарлы иттер 14 жылға дейін өмір сүре алады.
Жануарға күтім жасау
Қытайлық айдарлы иттің екі керемет түрі бар: жалаңаш және түкті. Жалаңаш айдарлы иттерге ерекше күтім қажет. Күн көзінде терісі күйіп қалуы мүмкін, сондықтан иттер үшін арнайы әзірленген күннен қорғайтын кремдерге көңіл бөлу қажет. Ит терісінің жұмсақтығын және тегістілігін сақтау үшін арнайы ылғалдандырғыш лосьондар көмектеседі. Түкті айдарлы иттер өзінің ұзын жібектей жүніне үнемі күтім жасағанға және де бір табақ дәмді ит азығына қуанады. Бұл кішкентай иттер күнделікті серуенге шыққанда, далада және үйде ойнағанда өздеріне қажетті деңгейде белсенділік алады. Назар аударыңыз, қыста жылы свитер қажет болып қалуы мүмкін!