Кавказ овчаркасы

Мінезінің ерекшеліктері
Ақылды, батыл, адал және әрдайым иесінің көңілінен шығуға тырысатын туа біткен қасиеті – осы тұқымға тән қасиеттердің керемет үйлесімі. Кавказ овчаркасы бөтен адамдарға күмәнмен қарайды, бірақ отбасы мүшелерін қатты жақсы көреді, бұл оны күзету мақсатында мінсіз ит етеді. Алайда бұндай овчарка әмірлерді ешқашан жайдан-жай орындамайды. Оған көшбасшысындай болатын мықты ие керек.

Кавказ овчаркасы
Кавказ овчаркасы

Сыртқы түрі

Кавказ овчаркасының тағы бір аты бар, ол – бөрібасар. Бойы шамамен 72-75 см дейін өседі және салмағы шамамен 40-80 кг жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 11 жыл.

Жануарға күтім жасау

Қалың жүнге қарамастан бұл тұқымға күтім жасау қиын емес. Шомылдыру қажет емес, жүнді аптасына бір рет тарау қажет. Бұл жануарды пәтерде ұстамаған дұрыс, кавказ овчаркаларына кең жер және күнделікті ұзақ серуендер қажет. Ағза ерекшелігінің арқасында бұл иттерге көп тамақ қажет емес. Әйтсе де кавказ овчаркаларының тамағына ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені ол оның денсаулығына әсер етеді. Жануарыңыздың рационы теңгерімді болуы тиіс.

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)