Джек-рассел-терьер

Мінезінің ерекшеліктері
Джек-рассел-терьер – кішкентайдың ішіндегі үлкен ит. Осы тұқымның өкілдері өте ақылды, адал әрі жігерлі иттер ретінде танымал. Олар өздерін нағыз бастықпыз деп ойлағанды ұнатады! Өте бұзақы, белсенді және көңілді, олар қоршаларға шыққанда немесе одан секіріп өткенде сізді талай абыржытады. Бақытты болу үшін оларға көп қимылдау қажет. Сіз өз кезегінде кішкентай достың батыл әрі қызық қылықтарына мәз боласыз.

Джек-рассел-терьер
Джек-рассел-терьер

Сыртқы түрі

Қара немесе қоңыр дақтары бар қысқа ақ жүнді джек-рассел-терьер 25-38 см дейін өседі және салмағы 6-8 кг жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 13-14 жыл.

Жануарға күтім жасау

Джек-рассел-терьерге көп нәрсе қажет емес: оларға бір ыдыс дәмді ит азығы мен ойын-сауық қажет! Күнделікті 30 минуттық жаттығу –джек-рассел үшін қажетті дене белсенділігінің ең азы. Жануарға еркін жүгіре алатын ашық кеңістіктегі ойындар ұнайды. Оның қандай жүйрік бола алатынына таң қаласыз!

Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)