Бигль
Мінезінің ерекшеліктері
Бигльдің жеке қасиеттерінің спектрі күрделі. Олар биязы, қызба, табанды, нәзік, жылы шырайлы, ақылды, кейде қырсық та бола алады. Бигльден не күтуге болатынын ешқашан білмейсіз! Бірақ жалпы алғанда сізге өте сүйкімді және адал серік болатынына сенімді бола аласыз.
Сыртқы түрі
Көптеген бигльдер өскен кезде бойы 33-41 см және салмағы шамамен 9-11 кг болады. Орташа өмір сүру ұзақтығы 12-15 жылды құрайды.
Жануарға күтім жасау
Қысқа қалың жүнді үнемі тарау – бигль үшін нағыз бақыт! Бигльдер үнемі белсенді болуы тиіс, сондықтан күнделікті толыққанды серуенге шығуға дайын болыңыз. Осы тұқымның иттері ойнағанды және қарқынды жаттығуларды ұнатады, сондықтан оларға өз қалпын сақтауға көмектесетін көптеген қоректік заттар қажет.